ҮШ АРЫСТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА
Кеше Нұр-Сұлтан қаласының №78 мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың ірілері, Абайдың інілері» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шарадаҚР еңбек сіңірген әртисі Серік Кәрібайұлы қоғам қайтарткерлерінің ұлт үшін еткен ерен еңбегі туралы айтып, әуезді ән орындады. Сонымен қатар, мектеп оқуышлары арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті.
Жиынның мақсаты – үшарыстың өлеңдерін оқу арқылы тұлғалардың ерен істерін дәріптеп, рухани ұлттық мұрамыз бен құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау.
Іс-шараға С.Сейфуллин мұражайының бөлім меңгерушісі Мұқият Қойшыбай мен кешен қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.