ҚАРАБУРА КЕСЕНЕСІ
Қарабура әулие кесенесі Шымкент қаласынан 257 шақырым жерде, Созақ ауданының Созақ ауылында орналасқан. Қарабура әулие кесенесі 1997 жылы қайтадан жаңартылып салынған. Кесене ақ кірпіштен өрілген, әрқайсысы сегіз қырлы екі бөлмеден тұрады. Төбесі – күмбезді, бірінші бөлмесі 100 шаршы метр, төбесі ашық екінші бөлмедегі ескі кесене ХІV ғасырда тұрғызылған. Қарабура әулиенің зираты осы ескі кесенеде.
Қарабура сахара тұрғындарының арасында қалыптасқан өмір салттың шырқын бұзбай ислам дінін, оның наным-сенімдерін орнықтыруға ат салысқан кісі. Ол сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауимен мүдделес болған. Қарабура аруағын иісі түркі жұрты құрмет тұтады. Оның Созақтағы кесенесі Орта Азия халықтары үшін киелі орынға айналған.