ҚАРАҒАНДЫ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ
Вокзал қаланың орталығында орналасқан. Жылына 1,5 млн адамға қызмет көрсететін вокзал 1956 жылы салынған.
⠀
Мекеме Ленгипротранс институтының жобасымен жасалды. Авторлары – П.А. Ашастин, М.Б. Бениолинсон.
⠀
Вокзалда 2 үлкен жолаушылар залы, жолаушылар демалатын бөлмелері, анықтама бюросы, билеттер сататын кассалары бар.
⠀
Фойе мен залды Қазақ АКСР-ның белгілі суретшісі П.К. Антоненко безендірген.