БІЗ ТУРАЛЫ

ҮШАРАЛ МЕШІТІ

Мешіт Жамбыл облысындағы Үшарал ауылында орналасқан. Мешітті ХХ ғасырдың басында жергілікті жамағат қаржысына ташкенттік шебер салған. ⠀ Үшарал – топырағы сортаң жер болғандықтан, мешіттің кірпіштері ылғал тартып, тез бүлінбеу үшін кірпіштер арнайы уақ мал мен түйе сүт майы қосылған суға иленген лайдан дайындалған. Кірпіш беріктігін арттыру мақсатында лайға жылқының жал-құйрығының қылы мен ешкінің қылшықтары қосылған. Кірпішті күйдіргенде құрамындағы органикалық қосылыстар мен сүт майы кірпіштерге ылғалға төзімді сапалық артықшылықтар береді. ⠀ Уақыт өте мүжілген құжырлардың іргетастары босап, мешіт бөлмелерінің бұзылғандары болды. Мешіттің осындай құлаған тұстарына 1988 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. ⠀ Мәліметтер «Қазақстанның мешіттері мен медреселері» кітабынан алынды.