15 СӘУІР – ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ ҰЛТТЫҚ ҒАШЫҚТАР КҮНІ
Мәңгілік махаббат символына айналған Қозы мен Баян күнін алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Дархан Мыңбайдың бастамасы көптің көңілінен шықты. 2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты.
Қозы көрпеш — Баян сұлу мазары — X–XI ғғ. тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың кескінін ең бірінші болып 1771 жылы Г.Волошин қағаз бетіне түсірген.