ІС-ШАРАЛАР

Вандализмге жол жоқ!

17 қараша күні «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкері Қуанышбай Қабиден «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениет дамыту жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінде «Вандализмнің елордадағы ескерткіштер мен басқа да мәдени нысандарға келтірген залалы» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты: тарихи ескерткіштерге бейне бақылаулар орнату керектігін, сақтау мен қорғау мәселелеріне назар аудару, вандализммен күресу.