СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ

2017 ж. мамырдың 27-нде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайланыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменің қызметкері Райымбеков Данияр Исраилұлы «Атамекен» кешенінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен салдары» атты тақырыпта дәріс өткізді. Дәріске «Атамекен» кешенінің және Астана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысты.