СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ

Маңғыстау облысының басты көрікті жерлерінің бірі діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шакпак-Ата» жер асты мешіті болып табылады. Мешіт Түб Қараған түбегінде, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 астам шақырым жерде орналасқан және Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіші болып саналады.

Шақпақ ата жер асты мешіті тау борлы жартаста салынған. Осы үңгірде жасырынған сопылар едеу құпияларын қолданған. Олар осында келген адамдарға аурудан құтылу үшін көмектесіп жүрді. Сол үшін олар ауырған адамды үңгірде бір түнге қалдырған. Бір түннің ішінде ауырған адамның басына берекелі рух келіп, ақырында міндетті түрде науқас адам аурудан аман қалады. Қазіргі кезде де адамдар осы жерге сырқаттан жазылу үшін үміт артып келеді. Археолгтардың айтуынша, мешіт IХ-Х ғғ.салынған. Оған жау шапқыншылықтары кезінде шәкірттері мен бірге Шақапақ атаның есімі берілген. Өмірдің соңғы жылдары ол сопы болып, жер асты тұрағынан шықпаған.

Көне аңыз бойынша, Шақпақ ата – мешіттің негізін салушы адамның есімі емес, оған жауға қарсы ұрыстардағы берілген лақап аты: шайқастарда оның қаруынан шақпақтан сияқты от шыққан. Кейбір ғалымдардың айтуынша, аңыздарда Шақапақ ата жыландардың әміршісі болып, өлген адамдардың сүйеушісі болған, ал тарихи тұлға ретінде – Шопан атаның немесресі болып табылған. Ал мешіттің негізін салушы адамның шын есімін айтсақ, көптеген ғалымдардың пікірінше, бұл – Шахмардан. Іс жүзінде Шопан атаның екі ұлы болған: Шахрух ата (Шағырық ата) және Исан ата. Шахрухтың да екі ұлы болған: Қапаш ата (Қапан ата) және тастан отты оңай шығару, жауды отпен күлге айналдыру қабілетіне ие болғаны үшін Шақпақ ата деп аталған Шахмардан. Ал сопының өмір жылдары бойынша зерттеушілердің пікірлері әр-қилы: академик Медоевтың айтуынша, Шақпақ ата в IX ғасырда өмір сүрген. Бартольдтың пікірінше, сопы 1312-1342 жылдар (XIV ғ.) билік еткен Өзбек ханның тұсінда өмір сүрген. Шақпақ атаның Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары болып, Маңғыстауда қастерлейтін 360 әулиелердің ішінде болғаны сөзсіз болған.Бұл барлық жерлеу орындарына ерекше ықыласпен қарауға мәжбүр етеді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, осы киелі жердің міндеті – емдеу. Осы жердің қызметкерлері науқастарды емдейтін әлдеқандай монах орденін құрғандарын байқамай қарауға болмайды.

Шақпақ ата мешіті – біздің уақытымызға дейін жақсы деңгейде сақталып, жеткен діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші болып саналады Қазіргі кезде Шақпақ ата мешітін ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұраның тізіміне қосу жайындағы мүмкіндік қарастырылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *