«ҮЗДІК САБАҚ», «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» ЖӘНЕ «ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ – 2017» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

25 қаңтарда 2018 ж. Астана қаласының білім беру ұйымдары музейлері мен  мұғалімдері арасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»), ұлттық бірегейлікті сақтау (ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталуы), білімнің салтанат құруы, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» жобаларын құру мәселелерін негізге ала отырып, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Киелі Атамекенім» атты «Үздік сабақ», «Үздік педагог» және «Ең үздік мектеп музейі – 2017» атты қалалық байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар  марапатталды. «Үздік сабақ» байқауы бойынша 100 мұғалім, «Үздік педагог» бойынша 18 ұстаз, «Ең үздік мектеп музейі – 2017» атты қалалық байқауы бойынша 9 мектеп музейі қатысты.