МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

Қарахан кесенесі – ортағасырлық сәулет ескерткіші. Қараханидтер әулеті өкілдерінің біреуінің бейіті үстінде салынған. Кесене Қазақстан аумағындағы ортағасырлық сәулет өнерінің әсем үлгісі. Шамамен ХІ ғасырда салынған. Ол Тараз қаласындағы Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

Археологиялық қазба деректеріне қарағанда имаратты әрлеу үшін басында мүсінді кірпіштің 30 түрі қолданылған. Құрылыс шаршы формасында және порталды-күмбезді типіне жатады. Кесенеде 4 орын-жай бар – орталық зал және үш бұрыш залдар. Төртінші бұрышта төбеге шығатын баспалдақ бар.орта орын-жайдың төбесі киіз үйдегідей жабық. Артында екі мұнара бар. Кесененің басты кіреберісі оңтүстік жақта орналасқан, кіреберіс есігі оюлармен көмкерілген. Шет жақтарында мұнаралар орналасқан. Кіреберіс – арканың ішінде, оның екі жағы 3 текшеден тұрады: тікбұрышты, шаршы және сүйір формалы.

Кесенені салу тарихы қызықты. Ол Қараханид әулетінен шыққын Тарз билеушісіне салынғаны белгілі. Аңыз бойынша Айша бибіге ғашық болып, оның қайғылы қазасынан кейін кесене салуға бұйрық берген билеушінің өзі.

Ресейдің сәулет өнерін бағалайтындар 1902 жылдың өзінде кесенеге таң қалған. 1906 жылы Қарахан кесенесі қайта салынды және құрылымдық принципін сақтағанмен, бастапқы архитектуралық-сәндік жабдығынан айрылып қалды. 1982 жылы республикалық маңызы бар Қазақ КСР тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.