«НАУРЫЗЫМ – БЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ»

Наурыз айының 20-сында 2018 ж. «Атамекен» кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Наурызым – берекем, наурызым мерекем» атты мерекелік танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат барысында, экскурсия бөлімінің басшысы Мәлжанбай Азамат «Наурыздың қазаққа қайта оралуы» туралы, «Астана мәдениеті» журналының бас редакторы Айдана Сегізбаева «Наурыз туралы түсініктер» тақырыбында лекция оқыды. Наурыз мерекесі туралы 3 минуттық видеоролик көрсетіліп, кешен қызметкерлері арасында «Ұлыстың ұлы күні – Ұлттық жаңғыру мейрамы» атты сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталмыш тақырып аясында әр бөлімдер өз мүмкіндіктерінше шағын мерекелік бағдарламаларын ұсынды.