БІЗ ТУРАЛЫ

МАХАМБЕТ ПЕН ИСАТАЙ ЕСКЕРТКІШІ

Исатай мен Махамбет қазақ халқы үшін еркіндік, патриоттық және азат рухтың белгісі. Олардың құрметіне ескерткіштер орнатылған, көшелер мен саябақтардың атаулары берілген. Ол екеуі де патшалық Ресей әскерлеріне, сондай-ақ, Жәңгір ханның әскерлеріне қарсы шайқасқан бүлікші жасақтарды басқарды.

Мемориалдық кешен Атырау қаласының оң жағалауынан орын тепкен. Кешен қаланың екі рухани орталығы – «Иман» жаңа мешіті мен Успен шіркеуінің ортасында бір сызық бойында орналасқан және тұрғын-үй кешенімен бірге қала құрылысының бірегей ансамбілін құрып тұр.

Архитектуралық-мемориалдық кешен үш бөліктен тұрады: Махамбет пен Исатай монументі, Ақжол аллеясы мен ландшафтық кішігірім саябақ. Ол 5 га территорияны алып жатыр. Исатай-Махамбет монументі қоламен қапталған, әрқайсысының биіктігі 5 м және екі метрлік тұғырға тұрғызылып, екі жылқының мүсінінен құралған композиция ретінде ұсынылған.