АЙША-БИБІ МАВЗОЛЕЙІ

Айша Бибі мавзолейі Қазақстан мен Орта Азияда теңдесі жоқ тарих және архитектура ескерткіші. Ол Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 18 км жерде орналасқан.

Мавзолейді көптеген тарих зерттеушілері, архитекторлар, археологтар, сонымен қатар, оны адамзаттың аса құнды тарихи-архитектуралық ескерткіштері тізіміне енгізгізген ЮНЕСКО өкілдері «ортағасырлық сәулет өнерінің маржаны» деп есептейді. Бұл орта Азиядағы күйдірілген сары балшықтан ойып жасалынған жалғыз архитектуралық ескерткіш. Айша Бибі мавзолейінің ғимараты әртүрлі пішіндегі күйдірілген сары балшықтан жасалған плиткалардың қолданбалы рәсімделуімен және қайталанбас өрнегімен ерекшеленеді.  Плиткалар озық шеберлермен қолдан орындалған және 99 өрнектелген композициялар саналған. Өрнектер өсімдік және геометриялық  негізде жасалған, олардың астарында мавзолейдің пайда болуы туралы терең философиялық қайғылы аңыз жатыр. Аңызды жергілікті шырақшылар жақсы жеткізе біледі және мавзолейдің батыс бөлігіндегі араб жазуымен жазылған жазбаның: «Күз… Бұлттар… Жер керемет» – мағынасын міндетті түрде толықтай ашады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *