«САРЫАРҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОТРЕГІ

«Сарыарқа» республикалық велотрегі, шын мәнінде, керемет және бірегей спорт нысаны болып табылады. Ол әлемдегі ең үздік спорт кешені деп танылды. Құрылыстың ерекше келбеті бірден өзіне назар аудартады. Сыртқы келабеті – велошабандоздың бас киіміне ұқсайды. Ол жаппай спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу үшін, жас өспірімдік спортты ұйымдастыру мен дамыту, спорт резервтерін және республиканың ұлттық құрама командаларын дайындау үшін барлық құралдармен жабдықталған.

Аталған спорт кешенін тұрғызуға шамамен 20 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Оның күмбезінің асты – 20 мың шаршы метр жерде – велотректің өзінен басқа волейболдық, баскетболдық, футболдық алаңдар, бірнеше хауыз және фитнес орталық орналасқан. Нысанның сыйымдылығы 8000 орынды құрайды. Кешеннің құрамына: велосипед орталығы, қонақүй кешені, оқу және сауықтыру кешендері кіреді. Азиада 2011-ге велотрек мұз алаңы ретінде жабдықталды, қазір бұл жерде мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша жарыстар өтіп тұрады.

Нысан тек велосипедтік спортқа ғана емес, сонымен қатар, коньки тебу, шорт-трек, хоккей (2 корт бар), сондай-ақ, керлинг пен мәнерлеп сырғанау спорт түрлеріне арналған.