БІЗ ТУРАЛЫ

ҚАРАШАШ АНА МАВЗОЛЕЙІ

Сайрамның орталығынан орын тепкен бұл тарихи ескерткіш ХІХ ғасырмен мерзімделеді. Кесене алғаш рет ХІІІ ғасырда ғұлама ғалым және ақын Қожа Ахмет Яссауидің анасы – Қарашаш-ананың қабіріне тұрғызылған. Алайда, уақыт пен табиғи апаттардың әсерінен құрылыс бірнеше мәрте қирады және қайта тұрғызылды. Ол Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі құрылыстарында кеңінен таралған төртбұрышты 27х27х5 см өлшемді күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Ағаш, саз және басқа да табиғи материалдар қолданылған. Оның оңтүстік және батыс бөліктерінде есіктер мен текшелер жасалған. Қарашаш Ананың шын есімі – Айша бибі, ол Сайрамдағы белгілі шейх Мусаның қызы болған. Айша бибі өмір сүрген ХІ ғасырда бұл аймақта ғылым, мәдениет және өнер дамыған. Ұлы ғалым Қожа Ахмедтің анасы өз заманының білімді, өнегелі және сауатты адамдарының бірі болған. Қарашаш Ананы әлемдегі барлық түркілер құрметтейді. Оны мінсіз аналыққа теңдестіреді. Қарашаш Ананың қабірінің жанында жақындары Ыбрахым қожа, Сүлеймен қожа және Даут қожаның қабірлері орналасқан.