ҚОРҒАЛЖЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының – Солтүстік Қазақстанның өзендері мен далалары – тізіміне енген.

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Бұл қорық қызметінің мақсаты – табиғи кешенді қорғау, оны зерттеу және табиғатты қорғау идеясын насихаттау. Қорық Теңіз – Қорғалжын ойпаттарында орналасқан және жалпы ауданы 259,9 мың га, оның 198 мыңын акватория алып жатыр. Жалпы қорық аймағы – ойпаттың барлық территориясын алып жатқан ежелгі теңіздің қалдығы екі үлкен өзен – Теңіз және Қорғалжын ортасында  орналасқан. Қорғалжын қорығының ең көрікті жерлері – қоқиқаздар мекені, ТМД-ның ең шеткі солтүстігі, сонымен қатар, жергілікті және ұшып келген суда жүзетін құстардың көптігі: аққулар, сарыалақаздар, сұр қаздар, отүйректер, бізқұйрықүйректер, барылдауықтар, жалпақтұмсық үйректер және т.б. Қасқалдақтар, шағалалар, тырналар, шалшықшылар сияқты және т.б. құстардың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар, сирек кездесетін құстардың түрлері қорғалады: дуадақ, тарғақ, ақбас тырна, бозторғай, әсіресе қара және ақ қанатылары. Қорықтың территориясында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген құстардың 12 түрі бар.