МАҢҒЫСТАУ ТАУЛАРЫ

Маңғыстау таулары Маңғышлақ жарты аралының солтүстік бөлігінде арналасқан. Маңғыстау тауларына оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан және Маңғышлақ жарты аралының солтүстік шетінде орналасқан Қаратау таулары да жатады.

Маңғыстау тауларының солтүстік-батыс бөлігі Солтүстік Қаратау жотасы, оңтүстік-шығыс бөлігі Шығыс Қаратау жотасы деп аталады. Шығыс Қаратау жотасында Бесшоқы тауы теңіз деңгейінен 556 метр биіктікте орналасқан. Ал, Солтүстік Қаратаудың оңтүстік-шығысында Жапырақту тауы теңіз деңгейінен 368 метр биіктікте орналасқан. Маңғыстау тауларының орталық оңтүстік бөлігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған Батыс Қаратау бар. Оның ең биік тауы Отпан теңіз деңгейінен 532 метр биіктікте тұр. Қаратау таулары Маңғыстау облысы территориясында орналасқан. Қаратау таулары 130 шақырымға созылып жатыр. Таулар терең сайлармен кескіленген. Құмдақтармен, әктастармен, мергельдермен, саз-балшықтармен және құммен толтырылған.

Мұнда темір және мыс рудаларын, көмір шығаратын жерлер бар, сондай-ақ, жусан-сораңды өсімдіктер өседі, алқаптар мен сайлар мал бағуға пайдаланылады.