«РИКСОС» ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОНАҚҮЙІ

2005 жылдың маусым айында Астана қаласында «Риксос» Президенттік қонақүйі ашылды. Оның атауы Афин Перге корольдің ұлы Ликостың құрметіне берілген. Астаналық Риксос қонақүйі «Риксос» тобындағы қонақүйлердің ең жасы болып саналады және сәнді архитектурасымен, талғампаз интерьер дизайнымен және мінсіз қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Қонақүйде 168 бөлме, қонақ бөлмелер және апартаменттер бар. Олар жеке ауа реттегішпен жабдықталған. Әрбір бөлмеде теледидар, радио, жуынатын бөлмеде телефон және т.б. бар. Қонақүйдің қонақтары үшін жоғары деңгейлі конференция залы, ресми және жеке кездесулер залдары, 500 адамға арналған бал залы, «Шаңырақ» дөңгелек мәжіліс залы қарастырылған. Сонымен қатар, СПА орталық, жылытылатын жабық хауыз, түрік моншасы, сауна, бу бөлмелері, фитнес-орталықтар бар.