«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ

«Алау» спорт мұз айдыны халықаралық стандарттарға сай салынған жоғары санаттағы нысандардың бірі. Ол әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтарымен жабдықталған.

А.В.Лептев пен А.В.Поздников сынды кәсіби архитекторлардың қызметінің арқасында бір кешенде әртүрлі функционалдық элементтер жинақталған, олардың әрқайсысында озық технологиялар пайдаланылған. Ғимаратта сыйымдылығы 7620 адамға арналған трибуналары бар жабық мұз айдыны, фитнес орталық, баскетбол және гандбол ойындарына арналған спорт залдар, мейрамханалар мен кафелер, әкімшілік кеңсе, пресс-конференцияларға арналған зал (103 орын) және спортшылар мен қонақүйге келушілерге арналған киім шешетін орын бар.

Ұзындығы 9500 шаршы метрды алып жатқан мұз айдыны «Алау» коньки тебетін орталықтың жүрегі болып есептеледі. Халықаралық стандарттарға сай жүгіретін жолдар ұзындығы – 400 м, оның екі жолағы бар: негізгі және ішкі жаттығуларға арналған жолдар. Мұзды құю үшін 4 сатылық тазартудан өткізілген су пайдаланылады.

Стадион конькимен сырғану, шорт-трек, лонг-тренк, канадалық хоккей, керлинг және мәнерлер сырғанау спорт түрлеріне арналған. Голландық архитектор Бертус Баттер мұз айдынының авторы болып табылады.