«АСТАНА – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

26 маусым 2018 ж. – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде 24.06.2018ж «Астана – есірткісіз қала» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мекеме қызметкерлері мен жас экскурсия жүргізушілер қатысты. Іс-шара барысында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінің  экскурсия жүргізушісі – Куралбаева Меруерт «Нашақорлық – ғасыр дерті» туралы баяндама оқып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінің жас экскурсия жүргізушілері нашақорлықтың зияны туралы театрлық көрініс көрсетті. Артынан тақырыпқа сай мақал – мәтелдер айтылып, «Салауатты өмір салты деген не?» тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Фотосуреттер қосымшада тіркелген.