С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысының қазақ драма театры 1932 жылы ашылған. Алғашқы спектакльдерінен бастап, театр көрермендердің жылы қарауына және театр қоғамының ықыласына бөленген. 1964 жылы театр труппасының шығармашылық жетістіктері марапатталып, оған Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген.
Ұзақ шығармашылық жылдары бойы театр сахнасына көптеген атақты қазақ актерлері шыққан, ал театр қойылымдарын жасауға атақты режиссерлер қатысқан. Сахна шеберлері мен ҚР еңбек сіңірген әртістер театрдың негізін салушылары болып табылады, олар: З. Қошкимбаев, А. Шаймерденов, Т.Жабаев, ҚР халық әртістері Ж.Шашкина, Н.Атаханов, әртістер М.Бектенов, С.Тұнғышбаев, М.Баязитова, Н.Жабаев, С.Жунусов және т.б.