КЕШЕГІ КӨНЕ АҚМОЛА – ГҮЛДЕНГЕН БҮГІН АСТАНА

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің конференц залында «Кешегі көне Ақмола – гүлденген бүгін Астана» атты әдеби сазды кеш өтті. Жиын барысында өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық артисі Серік Кәрібайұлы Оспан елордамыз Астана қаласының кешегі-бүгінгі тарихына шолу жасай отырып, қаланың іргелі тарихи оқиғаларына тоқталды. Атап айтқанда, бұрынғы Ақмола қорғаны, Ақмоладағы тұңғыш ағаш мешіт, Александр невеная соборы сынды ғимараттардың тарихи құндылығына тоқталды. Кеш соңы қазақтың  халық әндерімен аяқталды.