ІС-ШАРАЛАР

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНА 20 ЖЫЛ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде» «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орайластырған бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысушылар бастауыш ұйымның «Атамекен» БПҰ-ның хатшысы Ильясов Ермек Ерғалиұлының баяндамасын тыңдап, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасын талқылады және Есіл аудандық XVIII кезектен тыс конференциясына делегат сайлады.

Баяндамада «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламаның негізгі 10 мақсатын атап көрсетті. Олар:

1. Белсенді әлеуметтік саясатқа көшу.

2. Болашақ білімді барлық адамдар үшін қолжетімді ету.

3. Салауатты адамдардан мықты ұлтты қалыптастыру.

4. Барлық адамдардың игілігі үшін экономиканың өсуі.

5. Бизнесті қолдау қоғамның әл-ауқатының игілігі ретінде.

6. Азаматтардың жайлы өміріне жағдай жасау.

7. Азаматтардың мүддесі үшін мемлекеттің тиімділігін арттыру.

8. Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру.

9. Келешектің мол мүмкіндігі-жастарды қолдау.

10. «Нұр Отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси көшбасшы болуын қамтамасыз ету.

Жиын барысында партия ардагерлері, белсенділер партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасымен танысып, өздерінің ой-пікірлерін білдірді.

 

«Атамекен апарат»