БІЗ ТУРАЛЫ

МЕТАЛЛУРГТЕР МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

Ақтөбе шойын қорыту зауытының Мәдениет Үйі 1941 жылы Харьков институтының жобасы бойынша тұрғызылған. Ғимарат үш қабаттан тұрады, «Н» формасының қалпында, классикалық стильде салынған. Қабырғасы гранит плиткасымен қапталған. Ішкі құрылысы түрлі ою-өрнектермен жабдықталып безендірілген, бас ғимарат құрылысына симметриялық түрде екі қанат бірігеді. Шойын қорыту зауыты – Ақтөбенің мақтанышы. Оның цехтарында феррохром мен ферротитанның түрлі маркалары шығарылады. Зауытта қорытпа алудың конверторлық және вакуумдық әдісінің мүлде жаңа күйлері игерілді, ең жаңа жабдықтар орнатылды. 1978 жылы Металлургтер Мәдениет Үйінің ғимараты сәулет ескерткіші болып, 1986 жылы 10 желтоқсанда мемлекеттік қорғауға алынып құжатталған.