ІС-ШАРАЛАР

АЛАТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАР

Астана қаласының «Жастар сарайында» екі мәдени мекеменің ынтымақтастығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы басталған «Еліміздің ұлы мақтанышы» циклі бойынша кездесулер қайта жанданды.

Осы жолғы кездесу еліміздің оңтүстігіндегі қалаларға арналып, келушілерге «Алатау баурайындағы қалалар» тақырыбында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» экскурсия бөлімінің басшысы Мәлжанбай Азамат лекция оқыды. Автоматтандыру және ақпараттық библиографиялық қызметі «Орта Азияның інжу-маржаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме Қазақстанның «оңтүстік астанасы» деген атқа ие болған Алматы қаласы мен Алматы облысына арналды.

Іс-шараға қаламыздағы бірнеше оқу орындарының студенттері қатысып, лекция тыңдап, кітап көрмесімен танысып, тақырыпқа байланысты деректі фильмді тамашалады.