АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігі үшін жасаған еңбегін қалың жұртшылық жақсы біледі. Оның ел басқарудағы саяси көрегендігі, халқының келешегі үшін төккен терін бағалау әрбір қазақстандықтың парызы. Күні кеше ел басқарған көсеміміз тағынан түсіп, өкілеттігін өткізетіндігін жеткізді. Тарихымыздағы бұл елеулі күн әрбір отандастың жүрегін толқытпай қоймасы заңды да! Баршамызға белгілі Сарыарқаның төріне ару Астана салып, әлем көзайым болып, барша ел сүйсінер елорданың әр кірпішінің қалануы Тұңғыш Президентіміздің арқасы. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі Қазақ елінің тарих бетінде алтын әріппен жазылары хақ. Осыған орай, Астананың Елбасының есімімен аталуы әлбетте, жарасымды деп есептейміз. Нұрсұлтан есімі елорданың атауы болуын қолдаймыз!