БІЗ ТУРАЛЫ

ШОПАН-АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының бойына орналасқан ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Оның доғадай иіліп келген тау жынысының солтүстік-батыс жағынан тұрғызылған мешіттері бар. Бұл X-XIII ғасырдағы озық үлгідегі ғимараттар тобына жатады. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме орналасқан, оның едені биік болып келеді. Сол жақ қабырға астынан қабірхана көмілген. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана бар. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді. Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Яссауи тариқаты басшыларының бірі болған.
Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған