ІС-ШАРАЛАР

БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында «Батырлар рухына тағзым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Туған жері мен елін жаудан қорғап, туған халқына суықта пана, ыстықта сая болған, ұлы дала елінің даңқты батырларының өмірімен өскелең жас ұрпақты етене таныстыру – бүгінгі күннің басты мақсаты. Осыған орай кешен қызметкерлері ұйымдастырған шарада Ұлы дала елінің азаттығы мен өркендеуі жолында жан алысып, жан беріскен баһадүр бабаларымыздың ерліктері сөз болды. Сонымен қатар, бабалар рухына арналған әуезді әндер шырқалып, кештің көркін аша түсті.