«Үздік экскурсия жүргізуші – 2019» атты Конкурсты өткізу және ұйымдастыру жөніндегі Ережесі

1. Жалпы ереже

1.1. «Үздік экскурсия жүргізуші – 2019» атты Нұр-Сұлтан қаласының 8-10 сыныптар арасындағы конкурстың осы Ережесі (әрі қарай- Конкурс) ұйымдастыру тәртібін, Конкурсты өткізуді, әдістемелік қамтамасыз етуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
1.2. Конкурс жыл сайын «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары оқушыларының қатысуымен өтеді.
1.3 Конкурс туралы ақпарат пен оған қатысу Ережелері аtamekenmap.kz. сайтында жарияланады.

2. Негізгі мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – экскурсиялық қызметке белсенді қатысу арқылы оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін және шығармашылық қабілетін дамыту, экскурсия жүргізудің түрлі әдістерін кеңінен пайдалану, экскурсиялық теориялық білімдерін тереңдету.
2.2. Міндеттері:
– Жас оқушы-экскурсоводтарды қолдау және анықтау;
– «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын насихаттау;

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Әр мектептен Конкурсқа Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін, тарихын, географиясын, шет тілді еркін меңгерген, өнерпаз, сөзге шешен (биші,мәнерлеп оқу, ән айту т.б) оқушылар қатыса алады.

4. Конкурстың ұйымдастыру комитеті

4.1. Конкурстың ұйымдастыру комитеті «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені мен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы болып табылады.
4.2. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың қазылар алқасының құрамын анықтап, бекітеді.
4.3. Конкурстың қорытындысын қазылар алқасы шығарады. Ұйымдастыру комитеті конкурстың қорытындысын бекітеді. Конкурстың жеңімпаздарын анықтау үшін ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы тиісті өту балын анықтайды. Әр номинацияда конкурстың жеңімпазы болып әрбір кезеңде тиісінше 5 балдан жинаған қатысушылар саналады. Конкурсқа қатысушыларға сертификаттар беріледі.

5. Конкурстың өту тәртібі

5.1. Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер берілген үлгі бойынша (1-қосымша) 2019 жылғы 8-13 сәуір аралығында қабылданады.
5.2. Өткізілетін уақыты мен орны: Конкурс 15-20 сәуір аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені базасында өтеді.

Конкурстың іріктеу кезеңі 2 кезеңнен тұрады.

1-кезеңнің тапсырмалары:
– Дикцияны, дауыс ырғағын тексеру.
Қатысушылар кез-келген ақын-жазушының атамекеніне, туған жеріне, туған еліне арнаған туындыларын оқи алады(өнерпаз оқушылар үшін), ауызша әр-түрлі бағытта сұрақ қойылады(шет тілін меңгерген оқушылар үшін).

Конкурстың 2-қорытынды кезеңі
1)Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтарымен іріктеу;
2)Экскурсиялық мәтіннің кез-келгенін өзі таңдаған оқушы 10 минутке дейін қазылар алқасына өз экскурсиясының бөлігін көрсетуі тиіс;
Мұнда әңгімелеп беру әдісін қалай меңгергені, сөйлеу мәнері, топпен әңгімелесу, бағытты жақсы білуі және оны ұтымды құруы бағаланады.
5.3. Конкурстың қорытындысы аtamekenmap.kz сайтында жарияланады.
5.4. Конкурстың жеңімпаздары сертификаттармен марапатталып, жазғы демалыс уақытына экскурсия жүргізуші ретінде төлемақы ала отырып, жұмысқа шақырылатын болады.

Байланыс телефоны; 24-04-97, Меруерт 8-778-156-17-72; Азамат 8-702-587-63-38.

e-mail : atameken2011@mail.ru

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *