ІС-ШАРАЛАР

Әбіш Кекілбаевтың туғанына – 80 жыл

«Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Әбіш Кекілбаевтың туғанына – 80 жыл толуына орай, еске алу кеші өтті. Кеш барысында Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен оның ел игілігі үшін қалдырған мұралары туралы тереңнен сөз болды. Қазақ әдебиетіне, қазақ руханиятына қосқан зерлі қаламгердің шығармалары халық жадында мәңгі сақталмақ. Осы орайда кеш барысында ақпараттық баспа жұмыстары бойынша маман Балжан Бекмағамбетова «Дана дария» атты Әбіш Кекілбаевты еске алу өлеңін оқып, автордың өз қатысуымен жазылған бейнеролик көрсетілді. Кешен қызметкерлерінің қатысуымен өткен бұл кездесуде Ә.Кекілбаевтың «Елең-Алаң», «Үркер», «Шыңырау түбінде» сынды еңбектері талқыланды.