ІС-ШАРАЛАР

«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

Сәуірдің 5-і күні «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінде» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» КММ маманы, теолог Ыбышев Ерхан Талғатұлы мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.
«Діни сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында өткен кездесуде еліміздегі діни экстремизмді болдырмау және оның алдын алу турасында сөз болды.
«Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халықтың арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс істеп жатқандығы – осының айғағы. Сондықтан да бүгінгі еліміздің барлық азаматтарымыз тәуелсіздігімізді, дінімізді, тілімізді, береке бірлігімізді әрбір сәт, әрбір минут қорғауымыз қажет», – деді Ерхан Талғатұлы.
Дәріс соңында «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» өкілі қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.