ІС-ШАРАЛАР

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Сәуір айының 10-ы күні Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті қабырғасында белгілі қаламгер Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай, университет студенттерінің қатысуымен әдеби-сазды іс-шара өтті. Кешке «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені музей педагогикасы бөлімінің жетекшісі, өнер зерттеуші, Қазақстанның халық артисі Серік Оспан, экскурсия бөлімінің жетекшісі Азамат Мәлжанбай және кешен қызметкерлері қатысып, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы төңірегінде ой бөлісті. Серік Кәрібайұлы ақынның бірқатар әндерін көрерменге паш етіп, Сәкеннің ұлы мұрасы туралы жазылған  өзінің зерттеу еңбегін таныстырды. Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Сәкен Сейфуллин музейінің алғашқы директоры Роза Асылбекова да қатысып, ұлы тұлғаның суреткер болмысы туралы сыр шертті. Тарих ғылымдарының кандидаты Ләззат Төребекқызы Джумалиеваның жетекшілік етуімен университет студенттері ән мен күйден шашу шашып, сахналық көрініс көрсетіп, қара өлең оқыды.