«АТАМЕКЕН АЙЛЫ ТҮН АЯСЫНДА»

2019 жылдың 18 мамыр күні, сағат 09:00-23:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Халықаралық музейлер күні «Атамекен айлы түн аясында» атты іс-шара өтеді.

Іс-шараның мақсаты –  Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, патриотизмді, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ көпшіліктің музейге деген қызығушылығын арттыру, мұражайдың құндылығын дәріптеу және музей  қызметкерлеріне қолдау көрсету.

Іс-шара барысында сағат 11:00-де «Мәдени мұра – ұлттың негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Тарихы шежірелі Атамекен» атты тегін экскурсия – ашық есік күні өтеді.

Мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған отбасы балаларының қатысуымен «Асфальтқа салынған әсем сурет» байқауы ұйымдастырылып, одан бөлек «Үздік экскурсия жүргізуші 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталады. Кеш мерекелік концертпен жалғасады.

Мерекелік шара «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК, мәжіліс залы мен кешен алаңында өтеді.

Іс-шарағақала тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласының мәдени мекемелері және кешен қызметкерлері, мектеп оқушылары мен студенттер қатысады.

18 мамыр Халқаралық музейлер күні 1977 жылы мұражайлардың Мәскеу қаласында өткен ICOM-ның (International Council of Museums – Халықаралық мұражай кеңесінің) ХІ бас ассамблеясында 18 мамыр күнін Халықаралық мұражай күні деп атау туралы шешім қабылданған болатын. Сол уақыттан бері бұл күн жыл сайын аталып өтетін дәстүрлі шараға айналды.