КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл» толуына орай тақырыптық экскурсия өтті.

Рухани ұлттық мұрамыз бен құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау, ақын, драмашы Ілияс Жансүгіровтың ерен істерін дәріптеу мақсатында өткен экскурсияға мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты. Тақырыптық экскурсияны кешен қызметкері Азамат Мәлжанбай жүргізді. Ол қаламгердің қазақ әдебиетінің алтын қорында сақталған айтулы туындыларымен таныстырды.

Ілияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикалық кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ әдебиетін үнемі көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі өнеге. Ол өскелең ұрпаққа аса мол көркем мұра қалдырды.