ІС-ШАРАЛАР

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

«Атамекен» Қазақстан Картасы этно-мемориалдық кешенінде 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы» атты дәріс өтті. Дәріс барысында Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының шығу тарихы мен оның ел ұғымындағы орны туралы айтылды.