ІС-ШАРАЛАР

ТУҒАН ЖЕРІМ – ТҰҒЫРЫМ

«Атамекен Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Туған жерім- тұғырым» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Экскурсияға келген жасөспірімдерге еліміздің көрікті жерлері мен елордамыздың тарихи маңызы бар ғимараттары бойынша арнайы дайындалған фотосуреттер назарларына ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімді ояту болып табылады.