ІС-ШАРАЛАР

«Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Бейбарыс сұлтанның тарихы»

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Бейбарыс сұлтанның тарихы» атты дәріс өтті. Жиын барысында ақпараттық қызмет бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейлі маман – мәдени ұйымдастырушы Қызғалдақ Қыдырбек тарихи тұлға Бейбарыс Сұлтанның өмірі мен ерлігі төңірегінде баяндады. Сондай-ақ, кешен қызметкерлеріне тарихи деректерден құрылған бейнеролик көрсетілді.