ІС-ШАРАЛАР

СҮГІР ЖЫРАУ МҰРАСЫ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сүгір жырау Бегендікұлы мұрасы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Мақсаты – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен Сүгір жырау Бегендікұлының бай мұрасын жан-жақты насихаттау. Жиында ұлт дәстүрін жалғастырудан жалықпаған жыршының өмірі мен шығармашылығы жайында сөз болды. Сонымен қатар, құнды қазына болып қалған өткір жырлары орындалды.