БІЗ ТУРАЛЫ

ІЛИЯС ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Театр «Мәдениет жылы» аясында 2000 жылы ашылған. Оған дейін Қостанайда қазақ театры болмаған. Театр 2012 жылы қаңтарда жаңа ғимаратқа көшкен. Жаңа ғимараттың ашылуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қатысты. Театрды алғаш ашқан режиссер – Жамбылбек Есенбеков. Өнер ордасына көрнекті мемлекет қайраткері Ілияс Омаровтың есімі берілген.

Ілияс Омаров (1912-1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист. 1912 жылы 1-қазанда Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Қараоба ауылында туған. Жиырма жылға жуық  тарихы бар өнер ордасы, бұл күнде өз қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттың рухани өзегіне айналып отыр.