ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ЕСКЕРТКІШІ

Екінші Дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға Ақтөбеде ескерткіш орнатылды. Ескерткіш авторы Е.Н.Штамм, сәулетші Л.Б.Рапутов. Ескерткіш тұғыры 4 қырлы, граниттен жасалған. Батыр қыздың қоладан құйылған кескінінен өжеттіктің, қайсарлықтың нышаны айқын аңғарылады.

Модағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы 1924 жылы 20 сәуірде Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 1944 жылы мамырдың 15-інде, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған.