БІЗ ТУРАЛЫ

ДАҢҚ ЕСКЕРТКІШІ

Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде осыдан 35 жыл бұрын бірегей ескерткіш бой көтерді. Расында да бұл – сұрапыл майдан мен жауды жеңуге тылда жүріп атсалысқан еңбеккерлерге тағзым ретінде тұрғызылған стела. 1980 жылы Ұлы Жеңістің 35 жылдығын ұлықтауға сәулетшілердің түрлі жобалары ұсынылады. Сол кезде «Жауынгерлік және еңбек даңқы» деп аталған ескерткіш сәулетші Иван Рыжковтың идеясы, суретші Рысқұл Мейірманов және мүсінші Марат Айнековтың қолдауымен жүзеге асты. Идея қағазға түскеннен кейін 4 ай ішінде жасалды. Әр кезеңдегі революциялық төңкерістер, Кеңес үкіметінің орнауы, азаматтық және Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы көріністер мысқа бедерленді.