СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2019 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелеріне талдамалық анықтама

I. Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК басшысының 2019 жылдың 10 шілдедегі № 48ө бұйрығымен жұмыс тобы қайта құрылып, 2019 жылдың 05-шілдесінен 12-шілдесі аралығында мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы 2/1. Электронды пошта: Atameken2011@mail.ru, телефон нөмірі 8(7172) 24-53-77.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2019 жылдың І жартыжылдығы.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы кәсіпорынның өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар анықталған жоқ.

Персоналды басқару саласы, соның ішінде кадрлардың ауыспалылығы бойынша:

2019 жылға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің « Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК штат саны – 41 бірлікті құрайды, 2019 жылдың 12- шілдесіне нақты жұмыс істейтіндер – 39 адам, бос лауазымдық орын-2:

– біліктілігі жоғары деңгейлі маман-аудармашы;

– біліктілігі жоғары деңгейлі маман-программист.

Бос орындар www.enbek.kz сайтында көрсетілген.

Ағымдағы жылда МКҚК жұмысқа 15 жұмыскер қабылданды, өз еркімен жұмыстан 13 адам босатылды, оның ішінде тұрғылықты мекен-жайының ауысуына байланысты 7 адам.

Ағымдағы жылда тәртіптік теріс-қылық жасағаны үшін, тәртіптік жауапкершілікке 2 адам тартылып, оларға ескерту жарияланды. Сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Кекшенде барлық жұмыскерлер қойылатын біліктілік талаптарға сай келеді, арнайы білімдері бар.

Жағымсыз қылықтармен жұмыстан босатылғандар, лауазымы бойынша төмендегендер, алмастырулар болған жоқ.

Кадрлық іс-жүргізу қойылған талаптарға сәйкес келеді және қалыпты деңгейде жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу

Кешен қызметіне қажетті тауар, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы айқын және ашық электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандайда бір байланысқа түсуге мүмкіндіктің болмауына байланысты, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол берілмейді.

Қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес, жоспарланып отырған және өткізілетін барлық сатып алулар туралы ақпараттар goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб порталында ашық көрсетілген. Аталмыш веб порталда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың түрлері мен бағасы және олардың келісім шарттарының орындалу мерзімі көрсетілген, сонымен қатар тиісті қаржы жылының мемлекеттік сатып алу жоспары жергілікті бюджетті бекіткен уақыттан бастап жарияланады.

Бюджеттік қаражаттарды жұмсау бойынша шешімдерді қабылдаудың және іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК сайтында «Мемлекеттік сатып алу» ақпараттық бөлімі қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп отырады. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылы 18 қарашадағы №410 –V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес мекемеде 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда мынадай іс-шаралар көзделген: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік сатып алулар жүргізу барысында айқындылықты сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басылымдарды бақылап отыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, іс-шаралардың қорытындысын кәсіпорынның ресми сайтында жария етіп отыру.

2019-2021 жылдарға арналған «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары жоспарының орындалуы бойынша есеп уақытылы ай сайын «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берілуде.

2019 жылдың 03-сәуірінде «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылы 18 қарашадағы №410 –V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Баяндамашы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК бас әкімгері Л. Ермагамбетова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның жалпы ережесін, негізгі түсінігін, оның тараулары мен баптары туралы мәлімет беріп, Заңның қоғамда алатын орны, құқық бұзушылық пен заңды жауаптылығы туралы нақты баяндады.

III Қорытынды және ұсыныстар

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ  деген тұжырымға келді.

Басшыға және кадр жұмыстарына шағымдар түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар:

1) құқықтық білімді насихаттау бойынша дәрістерді тұрақты түрде өткізу;

2) қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.