ІС-ШАРАЛАР

«АТАМЕКЕН» МУЗЕЙІ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені  Халықаралық қарттар күніне орай «Шын жүректен…» атты қайрымдылық экскурсия өткізді.

Оған елордамыздың зейнеткер қарттары қатысты. Олар қазақ өлкесінің құндылықтарын картадан көріп, тарихымен танысты. Туған жерінің табиғатына тамсанып, ерекше сезімге бөленді.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні болып осыдан 28 жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Алғашында Еуропа мен Америкада тойланып келген мереке уақыт өте бүкіләлемдік деңгейге ие болды. Елімізде қарттар күні республикалық деңгейде жылда аталып өтіледі.