ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ

Шақшақ Жәнібек атындағы музей 1993 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен ашылған.

Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы – батыр, қолбасшы, дипломат болған. Мұражай Шақшақ Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына орай салынып, 1993 жылы 27 тамызда пайдалануға берілген. Мұражайда екі экспозициялық зал, қонақ және әкімшілік бөлме орналасқан.

Музейдің экспозициясында Оренбург мұражайынан алынған Ш.Жәнібектің Екатерина ІІ патшайымға жазған хатының және патшайымның Ш.Жәнібекке тархан атағын беру туралы бұйрығының көшірмелері бар.

Шақшақ Жәнібектің ұрпағы Рахым Рыскелдиннің айтуынша, Шақшақ Жәнібек Түркістанда Қожа Ахмед Яссауи кесенесінде жерленген.