«АҚТӨБЕ АЖАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

«Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешені ерекше құрылыстардың бірі. Тұрғын үй орналасқан аймақ қаланың ең көрікті жері болып табылады. Ол 25 қабатты 3 тұрғын үйден және 3 қабатты сауда кешенінен тұрады. Әбілқайыр даңғылында орналасқан. Тұрғын үй кешенінде банктер, супермаркеттер, сауда бутиктері, ресторан, ойын сауық орталықтары орналасқан. Құрылысты «Лашын Инвест Холдинг» корпорациясы жүргізген.