ІС-ШАРАЛАР

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Астана» концерт залында«Киелі Атамекенім» тақырыбында «Үздік сабақ» және «Үздік педагог» атты байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналып өткізілді. Сайыс Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін көтеру, шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.