ІС-ШАРАЛАР

АЛТЫН ОРДА – БІЗДІҢ ОРДА

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда – біздің орда» атты дәріс өтті.

Түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениетін, Ұлы даланың бай мұрасын, байтақ табиғатын дәріптеу мақсатында өткен шараны кешен қызметкері Марат Қайсарбекұлы жүргізді.

Ол Алтын Орданың тарихымен таныстырып, тың деректермен бөлісті. Жиынға музей қызметкерлері қатысты.