БІЗ ТУРАЛЫ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Театр 1932 жылы ашылған. Алғашқы спектакльдерінен бастап, театр көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген. 1964 жылы Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді.

Ұзақ шығармашылық жылдары театр қойылымдарын жасауға атақты режиссерлер қатысып, көптеген атақты қазақ актерлері шыққан.

З. Қошкимбаев, А. Шаймерденов, Т.Жабаев, ҚР халық әртістері Ж.Шашкина, Н.Атаханов, әртістер М.Бектенов, С.Тұнғышбаев, М.Баязитова, Н.Жабаев, С.Жунусов сынды сахна шеберлері театрдың негізін салды.