ІС-ШАРАЛАР

ӘЛ-ФАРАБИ ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСТЫ

Нұр-Сұлтан қаласы «Кәсіптік-техникалық колледжінде» КММ Әбунасыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ғасыр ғұламасы» атты дәріс өтті.

Шараны музей қызметкерлері Қайсарбек Марат пен Құралбаева Меруерт өткізді. Мақсаты – қазақтың ұлы ойшылының өмірі мен тарихтағы орны, еңбектерінің құндылығы, ғылымның дамуына қосқан үлестері, қазіргі кездегі Әл-Фарабидің зерттелуі туралы құнды мәліметтермен бөлісу. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызы туралы ой-толғау.

Жиында ойшылдың өмірі мен еңбектерінің құндылығы жайында тың деректер айтылды. Жиынға білім ордасының оқушылары мен оқытушылары және кешен қызметкерлері қатысты.