ІС-ШАРАЛАР

«АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ»

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Аққан жұлдыз» атты дәріс өтті.

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай өткен шараның мақсаты – ғалымның өмірі мен еңбектерінің құндылығын дәріптеу.

Дәрісті музей қызметкері Қайсарбек Марат өткізді. Ол Шоқан Уәлихановтың заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары туралы айтты. Жиынға кешен қызметкерлері қатысты.